АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
11 сәуір – Халықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарының босаған күні. Осыған орай бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов концлагерь тұтқынында болған Антон Билоцкий, Иван Дунько, Виолетта Михайловна мен Вера Петровнаға құрмет көрсетіп, алғыс хат табыс етті.

Адамзат тарихының ең қатерлі парақтарының бірі – фашистік тұтқындар лагері тарихы. Тұтқындар лагерін – өлім лагері деп те атайды. Өйткені 1933-1945 жыл аралығында әлемнің 30 елінен 20 миллион адам тұтқында болып, оның 12 млн.-ы көз жұмған. 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі. Бұл күн – сол лагерьде көз жұмғандар мен тірі қалғандарға құрмет күні саналады. Бүгінде Орал қаласында концлагерь тұтқынында болған 10 ардагер бар. Олардың төртеуі қала әкімдігінде өткен жиынға қатысты.

– Бұл адамдардың өмірі – жас ұрпақ үшін ерлік сабағы. Ел мен жер үшін жанын берген азаматтардың бүгінгі ұрпақтары олардың ерліктерін еш уақыт ұмытпайды. Бұл – біздің қасиетті боршымыз, – деген Бақытжан Хаберұлы ардагерлерге алғыс хат пен арнайы тарту ұсынды.
Атаулы күнге орай қала әкімдігінің құрметі үшін ризашылықтарын білдірген Иван Архипович пен Вера Петровна өздері бастан өткізген қиын кезеңдерді еске алып, еліміздегі бейбітшіліктің мәңгілік болуын тіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу