БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Спартакиада Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының жоспары бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырылуда.

Дəстүрлі облыстық спартакиаданың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыруда мемлекеттік қызметшілердің жетекші рөлін жəне дəстүрлі шараға айналған сайыстың мəртебесін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үлгісінде бұқаралық спортты насихаттау.

Шараның салтанатты ашылуында облыс əкімі аппараты басшысының орынбасары А.Досжанов, облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағының төрайымы А.Есекенова сөз сөйлеп, спартакиадаға қатысушыларды құттықтап, оларға жарыста сəттілік тіледі.
Биыл облыстық спартакиадаға 1000-нан астам мемлекеттік қызметші қатысады деп күтілуде. Олар осы сəуір айынан бастап баскетбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, қол күресі, шағын футбол, Президенттік көпсайыс түрлері бойынша жарысады. Екі кезеңдік жарыс 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне қорытындыланады.
Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу