8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2019 5678 0
Қоғам

    «Ұлттық ойын – халық қазынасы»

                              Мәдени ағарту бірлестігіне қарасты «Болашақ» балалар аула клубында жақында  Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыру бағытында  дәл осындай тақырыппен  тәрбие сағаты өтті.

Шара балаларды ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, олардың бойында күштілік, ептілік, жылдамдылық, икемділік қасиеттерін дамытуды көздеді. Халқымыз  ойындарды, тек балаларды алдандыру әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Тәрбие сағатында ұлттық ойын – салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы екені айтылды. Ұлттық ойындардың  адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан-балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келеді. «Сақина салу» қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. «Теңге алу» – жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу – үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. «Қыз қуу» – бұл ат спорты ойыны. Атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен  сүюі керек. «Бәйге» – бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Бәйге жарысы негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

«Асық» ойыны – қыз-бозбалалар  ойыны. Әдетте қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны

алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.

Ұлт ойындары  – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор.

Гүлнәр РАМАЗАНОВА, «Болашақ» аула клубының меңгерушісі 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»