8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 2206 0
Жалын

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ «ӨРТТЕГІ ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Ақжайық ауданындағы К.Байсыков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Медет Жүнісов екі адамды өрттен құтқарды. Батыр оқушыны салтанатты түрде марапаттау БҚО төтенше жағдайлар департментінде өтті. 

Оқиға 22 ақпан күні болған.  Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,22 ақпанда сағат 17.56 БҚО ТЖД Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет басқармасының «112» нөміріне  Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесі 13, жеке 2 пәтерлі 1980 ж. азаматқа тиесілі №1 пәтердің ғимаратында ауданы 51 шаршы метрлік жеке заттар, жиһаздар, қабырғалар мен шатыр жабыны жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 8 адам мен 2 бірлік техника барған. Өрт 18.59 сағатта оқушауланып, 19.52 сағатта толықтай сөндірілді. Осы өртте К.Байсыков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Мирас Жүнісов өрт сөндірушілер келгенше, ержүректік көрсетіп, екі адамды – 8 жасар бала мен оның ағасын құтқарған.

Салтанатты марапаттау жиынында департамент бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев Медеттің батылдығын мадақтап, медаль табыстады. Ұлын лайықты тәрбиелегені үшін жасөспірімнің ата-анасына ҚР ІІМ министрі атынан алғыс хат және баланың сынып жетекшісіне БҚО ТЖД бастығының алғыс хаты табыс етілді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
39 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
139 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
194 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
258 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
290 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
334 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»