8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2127 0
Спорт

Велосипедшілер жолы ашылды

22 қыркүйек күні қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзенінің оң жағалауынан велосипед жолы ашылды. Веложолдың ашылуына салтанатына орай велосипедшілер арасында қала біріншілігі ұйымдастырылды.

Жаңадан ашылған көпір бойымен өзеннің оң жағалауына бет алған велосипедшілерді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев бастады. Ролик, скейт, роллермен тегіс жолда серуен құрғандардың көңілі шат. Веложолда өткен алғашқы қала біріншілігі 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өтті. Оған он жеткіншек қатысып, нәтижесінде Николай Карпухин жеңіпаз атанды.
–  41 гектар аумақтағы жерді игі мақсатқа пайдаланып, велосипед жолының салынуы – Президентіміздің 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысушылардың қатарын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға серпін береді.  Сондай-ақ  жасөспірімдердің өмірін сақтаудың басты амалы. Осыдан екі-үш жыл бұрын қаламызда велосипедшілеріміз 200-300 ғана болатын. Қазір олардың саны 1000-ға жетті. Қызығушылық танытқандар қатары артуда. Соңғы жылдары облысымызда дене шынықтыру мен спортты дамытуға аса көңіл бөлінуде. Бұл бізді қуантады,  – дейді БҚО велоспорт федерациясының президенті Асқар Шораев.

Пайдалануға берілген велосипед  жолының ұзындығы – 2,7 шақырым. Оның 400 метрі – балаларға арналған шағын айналым жолы. Жаңа орында афальтты-бетонмен жабылған 800 метр қашықтықты қамтитын автокөлік жолы да бар. Жол бойы арнайы сызықтармен екшеленіп, белгілер таңбаланыпты. Жаздыгүні велосипедшілер, қыста шаңғышылар үшін модульді ғимарат, от жағу қазандығы салынған.

Шағанның оң жағалауын игеруге арналған жобаның негізінде «ҚПО б.в» қаржыландырған жол құрылысын атқарған мердігер «Марасант» ЖШС. Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Алмас Пішенбаевтың мәліметінше, құрылыс жұмыстары 2015 жылдың сәуір айында басталған. Жұмысты атқаруда ешқандай аутқушылықтар болмаған, сапалы қызмет нәтижесінде нысан уақтылы тапсырылыпты. Жұмыстарға 214 млн. теңге жұмсалған. Әзірге пайдалануға берілген бұл орынжай – Шағанның оң жағалауын игеруге арналған жобаның бірінші кезеңі ғана. Екінші кезеңді жүзеге асыру тапсырыс беруші «ҚПО б.в» тарапынан мердігер анықталған соң басталады.

– Алда Зашаған ауылынан саябаққа дейінгі жолды аяқтау жұмыстары тұр. Жоспар бойынша су құбырын тарту, қосымша электр желілерін орнату, жарықшамдар орнату, саябақты толық қоршау – екінші кезеңнің еншісінде. Сондай-ақ тал-теректер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Екінші кезеңдегі жұмыстардың жалпы  құны – 251 млн. теңгені құрайды, – деді Алмас Жәнібекұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Айсұлтан АШЫҒАЛИЕВ, 12 жаста:

– Алты жасымнан велосипед тебуді бастадым. Алғашында төрт дөңгелекті велосипедім болған. Кейін екі дөңгелектіге ауыстым. Екі жылдан бері достарыммен бірге велосипед мектебіндегі жаттығуларға қатысамын. Болашақта Александр Винокуровтай әлемдік сайыстарға қатысып, еліміздің көк туын желбіретсем деген арманым бар.

Никита БАТЮКОВ, 14 жаста:
– Бұрын жаттығуларымыз Меловые горки ауданындағы жол бойында өтетін. Ол, әрине, велосипедке арналмаған. Үнемі көлік қозғалысы бар. Сондықтан велосипед жолының ашылуын асыға күттік. Енді дайындығымыз оқшау орында өтетін болды. Велосипедшілерге қолдау көрсеткен ел ағаларына рахмет айтамыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»