БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Орал қаласында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы әртараптандыру, агроөнеркәсіп кешенін өркендету, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және адами капиталды дамыту бағыттарына басымдық берілді.
Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының аграрлық әлеуетін тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және өңір экономикасына инвестиция тарту мәселелері қозғалды. Сонымен қатар өндірістік жобаларды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Қатысушылар ауылдық елді мекендердегі жолдардың сапасы, ауыз сумен қамту, электр желілерінің тозуы және тұрғын үй мәселелеріне де назар аударды. Бұл мәселелерді шешуде инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың маңызы ерекше екені айтылды.
Кездесуде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту тақырыбы да кеңінен талқыланды. Журналист Татьяна Рудометова жастардың болашағы мен еңбек нарығындағы өзгерістер тұрғысынан заманауи технологиялардың, жасанды интеллект пен цифрлық сервистердің рөліне тоқталды. Оның пікірінше, цифрлық сауаттылықты арттыру және жаңа технологияларды меңгеру жастардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды шарты.
Ал Еркін Карин құрылыс пен инфрақұрылым нысандарының сапасына қоғамдық бақылауды күшейту, тұрғындардың пікірін ескеру және өзекті мәселелерге объективті баға беру қажеттігін атап өтті.
Гүлбаршын Әжгереева әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ақпараттық кеңістікте кеңінен көтерудің маңыздылығына тоқталып, журналистерді қолжетімді баспанамен қамту және жас мамандарды өңірлік дамуға тарту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған Гаухар Шайхиниязова Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттердің нәтижесі ең алдымен халықтың өмір сапасынан көрінуі тиіс екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Онда көтерілген міндеттер экономиканы жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық трансформацияны жеделдету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру сияқты өзекті бағыттарды қамтиды. Батыс Қазақстан облысы үшін де бұл міндеттердің маңызы зор. Әсіресе ауылдық аумақтарды дамыту, жол және коммуналдық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға мүмкіндік жасау мәселелері тұрақты назарда болуы қажет. Бұл ретте қоғаммен ашық диалог орнату, сарапшылар мен журналистердің пікірін ескеру маңызды», – деді Гаухар Жәрдемқызы.
Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда белгіленген басымдықтарды ақпараттық тұрғыда түсіндіру, өңірдегі өзекті мәселелерді ашық талқылау және қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы байланысты нығайту жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттердің табысты жүзеге асуы мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылына да байланысты. Ал оның басты нәтижесі – өңір тұрғындарының күнделікті өміріндегі оң өзгерістер мен халықтың әл-ауқатының артуы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Выборы завершают обновление представительной власти на всех уровнях.
АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін станцияны іске қосу неге ұзақ уақыт алады?
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ

Кіру







