8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2019 2812 0
Қоғам

ҚҰТҚАРУШЫ МЭЛС

Құтқарушы – бұл дене дайындығы мен темірдей жүйкені талап ететін кәсіп. Аяз ба, аптап ыстық па ауа райының қолайсыздығына қарамастан шақыру алған соң қиын жағдайда қалған адамға көмекке асығады. Сондай жандардың бірі Мэлс Искаков.

2009 жылы Қаратөбе ТЖБ маманы қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Қазір Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы. 2009-2019 жылдардағы Қаратөбе ауданының ТЖБ-сындағы қызметі кезеңінде Мэлс Тлектесұлы өрттердің алдын алу мақсатында өз аумағында орналасқан барлық объектілерді аралап, бұзушылықтарды анықтау мен жоюға көмегін тигізді. Ұйым басшылары мен жұмысшыларына, соның ішінде мектеп оқушыларына өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қызметтік парызы бойынша борандар мен бұрқасындарда жоғалған және транспорттық көліктерде кептеліп қалған адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды.

Биылғы жылдың 19 қаңтары күні болған оқиға осы сөзіміздің айқын айғағы. Егер құтқарылған адамның туыстары болмағанда бұл оқиғаның батыры мұны біреуге айтуы екіталай еді. Себебі азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Тілектесұлы Искаков қарапайым жан.

Сол күні сағат 21.10 шамасында Мэлс Тілектесұлы жұмыстан тыс уақытта үйде болған кезінде оның телефонына аудандық полиция бөлімінің жедел кезекшісі Сырым-Қарақамыс  тас жолының 87-шақырымы шамасында жол-көлік оқиғасы болып, адамдарды шығара алмай жатқандары туралы хабар түсірді.

Бір сәтке де ойланбастан М.Искаков болған жайды жұмыстағы әріптестеріне хабарлап техника мен құтқарушылар келгенше өзінің жеке автокөлігімен оқиға болған жерге аттанады. Барған кезде шөп тиеп алған трактор тіркемесіне VOLKSWAGEN  PASSAT автокөлігі келіп соқтығысқан.

Машинада төрт адам болған олардың біреуі сол мезетте мерт болса, екіншісі кейін ауруханада жан тапсырады. Кейін анықталғандай, артқы орындықта отырған екі жолаушы автокөлікте қысылып қалған. Машинадан әуелі жүргізушіні шығарып, одан кейін Мэлс Тілектесұлы екінші адамды шығару кіріскен, оның мұрны  жапырылып, соның салдарынан тыныс жолдары ұйыған қанмен бітеліп дем ала алмай қалған, кеудесін өзіне тартқан кезде зардап шегушінің аузынан қан бұрқ етіп шыққан. Кейінірек дәрігерлер қанның осылай шығуынан зардап шегушінің жаны аман қалғанын айтады.

Зардап шегушілерді жедел жәрдем каретасына салғаннан кейін де М.Искаков олардың қасынан шықпады. Уақыттың кеш боп қалғанына қарамастан таң атқанша ауруханада болды, кейін облыс орталығына апаратын машинаға орналастыруға көмектеседі. Осылайша біздің қызметкеріміздің жедел әрекетінің арқасында екі өмір құтқарылады.

Өрт сөндіруші кәсібі – әлемдегі ең күрделі кәсіптердің бірі. Жылжымалы баспалдаққа өрмелеуге, қою түтінде қозғалуға, жүгіруге, секіруге, ауыр көтеруге, ең қиыны әрбір сәтте басқаны құтқару үшін өз өмірін қатерге тігуге де дайын.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»