Сырым ауданында 72 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Бүгін Сырым ауданында баспанасы апатты деп танылған 72 отбасы үшін қуанышты күн болды. Жымпиты ауылында бой көтерген үш қабатты екі тұрғын үй пайдалануға беріліп, жаңа пәтерлердің кілті тұрғындарға табысталды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
Биыл тұрғын үймен қамту бағытында бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер беру және оны бөлу тәртібі қайта қаралды. Бұл мәселе бойынша негізгі өкілеттік жергілікті атқарушы органдарға берілді. Бұған дейін аталған санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылған болатын.
Өңір басшысы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жаңа тетіктердің іске қосылуы осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен қатар жыл соңына дейін апатты баспанамен кезекте тұрған азаматтардың жартысын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын жеткізді.
Облыс әкімі жаңа пәтер иелерін құттықтап, әр отбасының баспаналы болуы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екенін айтты.
Сырым ауданында қазіргі таңда 800-ге жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың 160-тан астамының жалғыз баспанасы апатты деп танылған. Осы санаттағы азаматтарды қолдау жұмыстары алдағы жылы да жалғасып, тағы 36 отбасы жаңа пәтерлерге ие болады деп жоспарлануда.
Жаңа қоныс иелерін баспаналы болуымен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен тыныштық тілейміз. Жаңа үйлеріңіз қуанышқа толып, отбасыларыңызға шаттық пен жылулық сыйласын!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Орал қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті: тұрғындарға қолжетімді бағамен өнімдер ұсынылды
Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ САНАТТАҒЫ ЖАСТАРҒА 10 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ
15 граждан привлечены к ответственности за незаконное нанесение граффити в ЗКО
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Handelsblatt» іскерлік басылымына жарияланған мақаласы
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сурет және постерлер байқауы өтті

Кіру







