Білім мен еңбек – табысты қоғамның негізі
Бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыру білімді ғана емес, еңбекке жауапкершілікпен қарайтын азаматтарды тәрбиелеуді де талап етеді. Білім мен еңбек – жеке адамның жетістігіне ғана емес, тұтас қоғамның дамуына әсер ететін құндылықтар.
Конституцияда бекітілген қағидаттар осы құндылықтармен тығыз байланысты. Білім алу, еңбек ету, өз қабілетін жүзеге асыру және қоғамның дамуына үлес қосу – азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершіліктің маңызды бағыттары.
Бүгінде еңбек нарығы да өзгеріп келеді. Жаңа технологиялардың енгізілуі мамандардан кәсіби біліммен қатар, цифрлық сауаттылық пен жаңа дағдыларды талап етеді. Сондықтан үздіксіз білім алу мен кәсіби дамуға ұмтылу уақыт талабына айналды.
Бұл ретте техникалық және кәсіптік білім берудің маңызы артып отыр. Өндіріс пен экономикаға қажетті мамандарды даярлау өңірдің тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.
Білімін еңбекпен ұштастырған, кәсібін жетілдіруге ұмтылған азамат – қоғам дамуының нақты қозғаушы күші.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Орал қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті: тұрғындарға қолжетімді бағамен өнімдер ұсынылды
Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ САНАТТАҒЫ ЖАСТАРҒА 10 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ
15 граждан привлечены к ответственности за незаконное нанесение граффити в ЗКО
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Handelsblatt» іскерлік басылымына жарияланған мақаласы
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сурет және постерлер байқауы өтті

Кіру