8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2026 82 0
Өңір жаңалықтары

Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңесте мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде сақталуы тиіс заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде заң талаптарын дұрыс қолдану, қабылданатын шешімдердің заңдылығы және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігіне қатысты мәселелерге назар аударылды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге жеке тоқталып, олардың мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы практикалық маңызы түсіндірілді. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысын дер кезінде анықтау және оны реттеу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптарды орындау мәселелері қаралды.

Кездесу барысында қызметтік әдеп қағидаларын сақтаудың күнделікті жұмыстағы маңызы түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік шешім қабылдауы кезінде жеке мүддеге жол бермеу, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынаста белгіленген әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар, «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттарының мемлекеттік қызметшілердің қызметімен байланысы сөз болды. Бұл бағыттар заң талаптарын сақтау, жауапкершілікпен жұмыс істеу және қоғам алдындағы міндеттерді түсіну тұрғысынан қарастырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселесі де кеңестің негізгі тақырыптарының бірі болды. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде тәуекелге әкелуі мүмкін жағдайларды алдын ала анықтау, белгіленген шектеулерді сақтау және заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Кеңес ашық пікір алмасу форматында өтті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
118 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
167 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
158 0
Өңір жаңалықтары
Сарыкөл ауылдық клубы пайдалануға берілді
02 Қазан 2026
281 0
Жол / Құрылыс
8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
29 Қыркүйек 2026
430 0
Toqaev2026
ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды
27 Қыркүйек 2026
450 0
Без рубрики
Бүгін – Еңбек күні
27 Қыркүйек 2026
363 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»