8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2026 31 0
Құрылтай-2026

Сайлау учаскелерін жедел анықтауға мүмкіндік беретін онлайн-сервистер іске қосылуда

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов ерекше мәртебесі бар Алатау қаласы мен Алматы облысының Қонаев қаласындағы сайлау учаскелерінің дайындық барысымен танысып, сол кездесу барысында сайлау учаскелерін жедел анықтауға мүмкіндік беретін онлайн-сервистер іске қосылып жатқанын баяндады.

«Қазіргі уақытта азаматтарға өздерінің сайлау учаскелерін жедел анықтауға мүмкіндік беретін онлайн-сервистер іске қосылуда. Сондай-ақ қандай да бір себеппен еш жерде тіркелмеген сайлаушылардың дауыс беруіне мүмкіндік беретін онлайн-сервистер де жұмыс істейтін болады. Барлық өңірлерде call-орталықтар ашылған. Бұл ақпараттың барлығы азаматтарға қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан барлық сайлаушыларды қолда бар мүмкіндіктер туралы сапалы ақпараттандыруды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жұмыстары жалғасады және сайлаушылар, байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін қажетті жағдайлар жасалады. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарының толық көлемде сақталуын қамтамасыз ету де маңызды», – деп атап өтті Шавхат Өтемісов.

Кездесулер барысында сайлаушыларды сайлау науқаны туралы жүйелі түрде ақпараттандырудың, дауыс берушілерге, сенім білдірілген адамдарға, байқаушыларға және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қажетті жағдай жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Руханият
Ұлы ақын мұрасы ұлықталды
10 Тамыз 2026
49 0
Инфрақұрылым
Жылу жүйесін жаңарту – басты назарда
10 Тамыз 2026
47 0
Инфрақұрылым
Тозған жылу желісі жаңартылуда
10 Тамыз 2026
55 0
Құттықтаймыз!
Құрылыс саласының үздіктері марапатталды
09 Тамыз 2026
127 0
Заң және тәртіп
Тазалықтан тәртіп басталады
08 Тамыз 2026
123 0
Экономика
Жеңілдетілген несиеге жол ашылды
08 Тамыз 2026
128 0
Заң және тәртіп
Тәртіп пен талап тоғысқан алаң
08 Тамыз 2026
132 0
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
193 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»