8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2026 31 0
Инфрақұрылым

Жылу жүйесін жаңарту – басты назарда

Оралдағы жылумен жабдықтау жүйесін жаңарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Құрылысшы» шағынауданына барып, шағынауданның жылу желілерін қайта құру жобасының орындалу барысымен танысты.

 

Жоба аясында жалпы ұзындығы 8,8 шақырым болатын жылу құбырларын жаңарту жоспарланған. Инженерлік желілерді қайта жаңғыртуға «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 1,8 млрд теңге бөлінген.

Аталған жоба 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Биыл жоба аясында 4,4 шақырым құбыр тарту көзделіп отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде.

Нысанды аралаған  өңір әкімі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, жылу желілерін жаңартудың тұрғындар үшін маңызына тоқталды.

– Өңірде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025-2026 жылдары жылумен жабдықтау саласына 6,2 млрд теңге қаражат бағытталды. «Құрылысшы» шағынауданындағы желілерді жаңарту да – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа инженерлік инфрақұрылым тұрғындарға ұзақ жылдар бойы қызмет етуі керек. Сондықтан стратегиялық маңызы бар жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асырылуы маңызды, – деді Нариман Төреғалиұлы.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Инфрақұрылым
Жылу жүйесін жаңарту – басты назарда
10 Тамыз 2026
31 0
Инфрақұрылым
Тозған жылу желісі жаңартылуда
10 Тамыз 2026
37 0
Құттықтаймыз!
Құрылыс саласының үздіктері марапатталды
09 Тамыз 2026
117 0
Заң және тәртіп
Тазалықтан тәртіп басталады
08 Тамыз 2026
118 0
Экономика
Жеңілдетілген несиеге жол ашылды
08 Тамыз 2026
122 0
Заң және тәртіп
Тәртіп пен талап тоғысқан алаң
08 Тамыз 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
188 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»