8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2026 38 0
Инфрақұрылым

Тозған жылу желісі жаңартылуда

Батыс Қазақстан облысында жылумен жабдықтау жүйесін жаңарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025-2026 жылдары өңірдің жылу саласына 6,2 млрд теңге қарастырылған. Соның ішінде Оралдағы маңызды нысандардың бірі саналатын №7 жылу магистралін жаңартуға 2,6 млрд теңге бағытталған.

 

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев нысанға барып, атқарылып жатқан жұмыстың барысымен танысты. Бүгінде жоба аясындағы жұмыстардың 86 пайызы аяқталған.

№7 жылу магистралі 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ұзақ уақыт бойы қолданылған желінің құбырлары айтарлықтай тозып, оның деңгейі 80%-ға жеткен. Бұл жылу желісінде ақаулардың жиі орын алуына себеп болып, бұған дейін жекелеген учаскелерді жөндеумен шектелуге тура келген.

Қазіргі жоба желідегі жекелеген ақауларды жоюмен ғана шектелмей, жылумен қамту инфрақұрылымын түбегейлі жаңартуға бағытталған. Осы мақсатта Т.Масин және М.Жүнісов көшелерінің бойындағы жалпы ұзындығы 1,8 шақырым болатын құбырлар жаңасына алмастырылып жатыр. Сонымен бірге желі заманауи оқшаулау жүйесімен және ылғалдылық деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін арнайы датчиктермен жабдықталуда.

Нысанды аралау кезінде облыс әкімі мердігер ұйымға жұмыстарды белгіленген мерзімде, яғни 1 қыркүйекке дейін сапалы аяқтауды тапсырды.

– Тозған құбырлардың жекелеген бөліктерін жөндеу арқылы мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес. Инфрақұрылымды кешенді түрде жаңарту ғана тұрғындарды жылумен тұрақты қамтамасыз етуге жол ашады. Бұл – жылумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі. Алдағы уақытта осы және басқа да жобалар арқылы жылу электр орталығы жабдықтары мен нысандардың тозу көрсеткішін едәуір төмендетуді көздеп отырмыз. Сондықтан құрылыс жұмыстары талапқа сай орындалуы қажет, – деді Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, №7 жылу магистралі арқылы 24 әлеуметтік нысан мен 130 көппәтерлі үй жылумен қамтылады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Инфрақұрылым
Жылу жүйесін жаңарту – басты назарда
10 Тамыз 2026
31 0
Инфрақұрылым
Тозған жылу желісі жаңартылуда
10 Тамыз 2026
38 0
Құттықтаймыз!
Құрылыс саласының үздіктері марапатталды
09 Тамыз 2026
117 0
Заң және тәртіп
Тазалықтан тәртіп басталады
08 Тамыз 2026
118 0
Экономика
Жеңілдетілген несиеге жол ашылды
08 Тамыз 2026
122 0
Заң және тәртіп
Тәртіп пен талап тоғысқан алаң
08 Тамыз 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
188 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»