Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Алматы облысында цифрлық технологияның мүмкіндіктерін көрсеткен ерекше дрон-шоу өтті. 500-ден астам дрон Қонаев қаласының көгінде қалықтап, көрермендерге әсерлі жарық композицияларын ұсынды.
Аспанда Қазақстан картасы бейнеленген сәтте жиналған жұрт ерекше қуанышын жасыра алмады.
Одан бөлек, шоу барысында ұлттық құндылықтарды айшықтайтын, қазақ халқы үшін береке мен бірліктің белгісі саналатын шаңырақ бейнесі, көктем мен жаңарудың нышаны – қызғалдақ гүлі мен Digital Nauryz, «Наурыз құтты болсын!» деген мерекелік жазу бейнеленді. Дрондар арқылы «Қазақстан», «Алматы облысы» деген жазулар да пайда болды. Бұл өңірдің ел дамуындағы орны мен маңызын білдіретін символдық көрініске айналды.
Шоу барысында ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға арналған композициялар да ұсынылды. Аспанда «15 наурыз – референдум» және «Жаңа Конституция» деген жазулар пайда болып, алдағы республикалық референдумның мәні мен маңызын жеткізді. Сонымен қатар дауыс беру белгісі бейнеленіп, азаматтық жауапкершілік пен әрбір азаматтың өз таңдауын жасау құқығы символдық түрде көрсетілді.
Дрон-шоуды тамашалауға 5000-нан астам көрермен жиналды, олардың қатарында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, коалиция мүшелері, зиялы қауым өкілдері де болды. Жиналған көпшілік алдында Алматы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов пен Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Дауталиев сөз сөйлеп, облыс халқын референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«15 наурыз күні әр азамат өз таңдауын жасайды. Бұл – жастардың Конституциясы. Өйткені онда жастардың дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына және ел экономикасының ілгерілеуіне басымдық берілген. Әрқайсымыз өз дауысымызды беріп, референдумға қатысайық», – деді Ерболат Тұрымбетов.
Қазыбек Дауталиев өз сөзінде қазіргі Конституцияның ел дамуына 30 жыл қызмет еткенін атап өтіп, жаңа құжаттың маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы халыққа 30 жыл қызмет етті. Бүгін біз егемен ел ретінде жаңа маңызды құжатты қабылдау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Жаңа Конституция жобасында еңбек құқық ретінде белгіленген. Яғни халықты жұмыспен қамту – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі», – деді ол.
Дрон-шоудан кейін кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара барысында қала тұрғындарына республикалық референдум туралы ақпараттық брошюралар таратылды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Кіру