8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қаңтар 2024 2954 0
Қоғам

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДАУЛЫ МӘСЕЛЕНІ КӨТЕРДІ

Батыс өңіріне арнайы іс-сапарымен келген «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Заңнама және сот құқықтық реформа» комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» қызметкерлерімен және аталмыш орталыққа көмек сұрап келген әйелдермен кездесті.


Әлемдегі ең көп тараған адам құқығын бұзудың түрі – әйелдер мен
балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық. Нәзік жандыларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері әлемдік деңгейде, мемлекеттік деңгейде де жаға ұстатарлық статистиканы көрсетіп отыр.

ҚР ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылы елдегі әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстағы зорлық- зомбылық оқиғаларының саны 61 277-ге жеткен. Ал 2023 жылы60 741 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қоғамда өзекті проблемаға айналған, күннен-күнге жантүршігерлік оқиғалар болып жатырған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Батыс өңірінде де қуантарлық жағдайда емес.

Президент тапсырмасына сәйкес отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылғаны белгілі. Осыған орай Батыс Қазақстан облысында қандай іс-шаралар қолға алынды? Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін не істеу керек? сынды сұрақтарымен Батыс өңіріне арнайы іс-сапарымен келген «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Заңнама және сот құқықтық реформа» комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» қызметкерлерімен және аталмыш орталыққа көмек сұрап келген әйелдермен кездесіп, облыста әйел азаматшалардың тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, олардың алдын-алу және қорғау жұмыстары жөнінде ой өрбітіп, жұмыс барысымен танысты.

Аталмыш дағдарыс орталығына жылына шамамен100 шақты әйелдер балаларымен келеді. Барлығында ортақ мәселе – отбасы жағдайына байланысты немесе жолдасынан немесе отбасы мүшелерінен жәбір көріп келгендер.

Біріншіден, зорлық-зомбылыққа қатысты мәселе, шынымен де, қазір өршіп тұр. Бұл туралы Президенттің жаңа жылда жариялаған мақаласында да айтылды. Жалпы, зорлық-зомбылық әйелдерге де, балаларға да көбейіп тұрғандықтан заң бірнеше мәрте қатаңдатылды. Заң қатаңдағанымен қылмыстық жағдайлардың төмендегенін көріп отқан жоқпыз. Менің жұмысым болашақ заңнамаға кіретін өзгерістерді мамандармен талқылау. Сол себепті әлемдік проблеманы жою үшін – ең бірінішден заңды дұрыстауымыз қажет, – деді Снежанна Имашева.

Өз кезегінде, дағдарыс орталығының басшысы Мариэтта Давлетиярова орталыққа келіп, келушілермен кездесіп, көңіл бөлгеніне алғыс білдіріп, орталық туралы бірәз ақпаратпен бөлісті.

 Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері учаскелік инспекторлар 2 мыңнан астам қылмысты ашты. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 31 қылмыстық іс-әрекет орын алған, оның ішінде 18-і әйел адамдарға жасалған. Барлығы да облыс орталығында орын алған оқиғалар. БҚО дағдарыс орталығында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге құқықтық кеңес беру жалғасады.

Ақпарат үшін:

Егер кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын байқасаңыз, балаға немесе әйелге қатыгездік көрсету, зорлық-зомбылық көрсету, құқықтарының бұзылуы мүмкін екенін білсеңіз, бірыңғай мемлекеттік «111 AMANAT» байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Барлық қоңыраулар жазылады. Қоңырау шалушы қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беруі қажет.

Құқық бұзушылық туралы «111» – ге дереу хабарлау арқылы әрқайсымыз отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуымыз тиіс.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»