8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2023 3538 0
Қоғам

«Қарызсыз қоғам» – қарызсыз болашақ


«АMANAT» партиясы
ның Halyk Bank-пен бірлесіп жасаған “Қарызсыз қоғам” жобасы әлемдік проблеманы өзімізден бастап шешуді мақсат етті. Тұрғындарды қаржылық сауаттылыққа шақыратын аталмыш жоба мамыр айының 2-сінен басталып, 30 қарашаға дейін жалғасты. Бір топтың оқу мерзімі 5 күнді құраса, топ құрамындағы әр 20-100 адам өз қаржысын орынды пайдаланудың қыр-сырын меңгерді. Оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар және несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналды.

   Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық аудандарда ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін  8621 адамды оқыту жоспарланып, аталған мерзім ішінде 9403 адам оқудан өтті. Бұл ретте «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан облысымызға 9 оқытушы бекітілді.

Оқудан өткен азаматтар:

1.Ақжайық – 530

2.Байтерек – 625

3.Бөкейорда – 350

4.Бөрлі – 630

5.Жаңақала – 476

6.Жәнібек – 222

7.Қаратөбе – 421

8.Казталов – 648

9.Сырым –  410

10.     Тасқала – 450

11.    Теректі – 653

12.    Шыңғырлау – 387

13.    Орал қаласы – 3601

Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және  мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.

    Аталған оқу келер жылдары да өз жалғасатын табатын болады. Облыс әкімдігі жанынан арнайы жобалық кеңсе құрылып, арнайы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, келесі жылға жоспарлар жасақталуда.

    Бұл ақпараттар «AMANAT» партиясы БҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты – Аткешов Нұржан Ғалымжанұлының арнайы жүргізген тікелей эфирінде баяндалды.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»