Екі білім ошағының жаңа ғимараттары тапсырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев егемен елдің келешек ұрпағына үлкен сенім білдіріп «Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек» деген болатын. Осыған орай, мемлекет тарапынан Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, біраз күрделі мәселелер қолға алынуда. Соның қатарында өзекті тақырып – апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 27 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін соның 17-сін аяқтауы жоспарлануда. Қазіргі таңда 10 мектеп қолданысқа берілді, қалғаны жақын күндері есіктерін айқара ашады.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен екі мектептің жаңа ғимараттарының тұсауы кесілді. Аймақ басшысы оқу ордаларының ашылу салтанатында мемлекетіміздің білім саясатының арқасында болашақ ұрпаққа жасалып жатырған бірәз игілі істерді атап өтіп: – Заман талабына сай салынған оқу орындары – рухани азық жинайтын ордаға айналып, бәсекеге қабілетті, отаншыл, еліміздің туын биік ұстайтын білімді ұрпақ тәрбиелейтіні сөзсіз, – деп баяндады.
Атап айтқанда, Абай мен Еңбек ауылдарындағы мектептердің бірінде – 60, енді бірінде – 110 оқушыға дейін білім алады. Әр қайсысында 30 мұғалімге дейін сабақ береді.
Негізі Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 1952 жылы ашылған екен. Мектептің ескі ғимараты 1974 жылы салынған, жобалық қуаты 60 орынға есептелген, спорт зал, акт залы жоқ. Қазіргі таңда мектепте 132 оқушы білім алуда, 30 педагог қызмет атқарады.
Жаңадан ашылған ғимаратта 9 оқу кабинеті бар, соның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, тілдер, мультимедия кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 шеберхана, 1 спортзал, 8 орындық оқу залы мен кітапхана, 48 орындық асханамен жабдықталған. Мектеп ғимаратының жобалық қуаттылығы 108 орын, құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 807 млн.теңге бөлінді. Мердігер – «Жаиксельстрой» ЖШС.
Екінші, Еңбек негізгі орта мектебі 1966 жылы қызметін бастады. Жаңа ғимаратта 10 оқу кабинеті бар, соның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, тілдер, информатика және бастауыш сыныптар кабинеттері бар. Сонымен қатар екі шеберхана, спортзал, кітапхана, асханамен жабдықталған. Жаңа ғимаратты енгізу ауылдағы жұмыспен қамтамасыз етуге және 45-тен астам адамды жұмысқа орналыстыруға мүмкіндік береді.
Берілген қуаттылығы 60 орындық жаңа мектеп ғимараты 1532 м2 алаңын құрайды. Мердігер – «Тәуекел» ЖШС.
Жалпы «Жайлы мектеп» Ұлттық жоба аясында Батыс Қазақстан облысында 2023-2025 жылдар аралығында 18 мектеп салу жоспарлануда. Негізі 2025 жылға дейін апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесін толық шешуге мүмкіншілік бар.
Өңір басшысы ауыл түрғындарын ел дамуына, жаңа нысандардың ашылуымен және келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, тарихи маңыздылығына тоқтап, елімізге береке-бірлік, әр отбасыға амандық тіледі.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру