МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА «ӨЛКЕТАНУ» ОҚУЛЫҒЫ ЕНГІЗІЛДІ
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 5–7-сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы әзірленіп, «Арман ПВ» баспасымен басып шығарылды.
Аталған курс 2018-2019 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «География» және «Музыка» пәндерінің аясында кіріктіріліп оқытылатын болады.
Оқу жүктемесінің көлемі – 20 сағат (5-сыныпта- 5 сағат, 6-сыныпта – 7 сағат, 7-сыныпта – 8 сағат).
Оқулық туған өлкенің табиғаты мен табиғи ерекшелігін, өлке шаруашылығы мен тұрғылықты халықтың кəсіптік ерекшелігін, өлке тарихы мен халықтың даму тарихын, этнографиялық ұлттық ерекшеліктері мен демографиясын, топонимикасын, өнерін, мəдениетін т.б. қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, аталған оқулық орта мектеп оқушыларына өлке тарихын тереңірек таныстыруға бағытталған.
Оқулықты дайындау барысында Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі, Батыс Қазақстан тарихи және археология орталығының материалдары авторлық құқықтарын сақтай отырып пайдаланылды.
Оқулықты құрастыруға облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер тартылды.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу