Енді елімізде телефон нөмірлерін өз бет-бейнелерімен тіркеу міндетті болады
Қазақстанда «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілмек. Тиісті құжаттың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұялы байланыс қызметтерін қолдануға қашықтан шарт жасасу үшін қазақстандықтар өздерінің биометриялық деректерін, яғни, түрін көрсетуге міндеттеледі. Бұл абоненттік нөмірлерді басқа адамдардың аттарына тіркейтін қылмыскерлерге қарсы тұру үшін енгізіледі. «Құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат болмай қалады. Осы қылмыстарды азайту мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды», – делінген ұсынылған өзгерістердің негіздемесінде.
Бұйрықтың тиісті жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Цифрлық даму және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Бағдат Мусин мобильді нөмірлерді биометриялық деректерге байланыстыра алатынын бір жыл бұрын мәлімдеді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде IMEI-код + SIM-карта + ЖСН схемасы бойынша құрылғыларды міндетті тіркеу ережелері қолданысқа енді. Қазақстандықтардың әрбір құрылғысы автоматты түрде оған орнатылған SIM-картаға бекітілді.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу