8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Шілде 2023 1242 0
Қоғам

Енді елімізде телефон нөмірлерін өз бет-бейнелерімен тіркеу міндетті болады

Қазақстанда «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілмек. Тиісті құжаттың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұялы байланыс қызметтерін қолдануға қашықтан шарт жасасу үшін қазақстандықтар өздерінің биометриялық деректерін, яғни, түрін көрсетуге міндеттеледі. Бұл абоненттік нөмірлерді басқа адамдардың аттарына тіркейтін қылмыскерлерге қарсы тұру үшін енгізіледі. «Құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат болмай қалады. Осы қылмыстарды азайту мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды», – делінген ұсынылған өзгерістердің негіздемесінде.

Бұйрықтың тиісті жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Цифрлық даму және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Бағдат Мусин мобильді нөмірлерді биометриялық деректерге байланыстыра алатынын бір жыл бұрын мәлімдеді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде IMEI-код + SIM-карта + ЖСН схемасы бойынша құрылғыларды міндетті тіркеу ережелері қолданысқа енді. Қазақстандықтардың әрбір құрылғысы автоматты түрде оған орнатылған SIM-картаға бекітілді.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
128 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
181 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
370 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
360 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»