8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қазан 2022 68133 0
Мәслихат жаршысы

Сұрақ-жауаптан басталған сессия

Бүгін ғана өткен облыстық мәслихаттың кезекті 14-ші сессиясында алдымен сұрақ-жауапқа уақыт бөлініп, депутаттар бірқатар өзекті мәселені ортаға салды. Мәселен, облыстық мәслихат депутаты Әнуар Агаев жол құрылысына қажетті құрылыс материалдары, оның ішінде битумнің өңірге 1-қазаннан бастап тасымалданбай отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс материалдарының уақытылы аумаққа жеткізілмеуінен бірқатар атқарылуы тиіс жұмыстарда іркіліс бар. «Орал-Атырау» тас жолының құрылыс жұмыстары туралы да сөз болды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты Жаңабек Жақсығалиев Қаратөбе ауданы Шалғын ауылындағы тұрғын үй құрылысының қашан аяқталатынын сұрады.
Одан әрі күн тәртібіндегі мәселелерге кезек берілді. БҚО энергетика және тұрғын үй коммуаналдық шаруашылығы басқармасы басшысы Миржан Нұртазиев алдағы жылдан бастап, мемлекеттен берілетін тұрғын үй сертификаттарына ие болатындар санаттарына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Бұдан бөлек қаралған өзекті мәселе – тұрғындарға амбулаториялық көмек көрсетудегі өзгерістер. Және жекелеген санаттағы емделушілерге тегін дәрі-дәрмектер беріліп, медициналық көмек тегін көрсетілмек. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков мәлім етті. Сондай-ақ, үй жануарларын аулаудың, уақытша ұстаудың қағидаларын бекіту туралы баяндаманы Серік Нұрмағамбетов оқыса, жол қауіпсіздігі мен адамдарды заңсыз әкету және алып келу бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Абат Шыныбеков мәлімдеді.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
3 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
91 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»