8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2022 2066 0
Қоғам

ЕРТЕҢ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУШЫ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

Биыл, 12 наурызда Қазақстан бойынша «Жерге орналастыру, геодезия және картография күні» атап өтіледі. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерінің шекараларын анықтау, елді мекендердің шекараларын өзгерту жобаларын әзірлеу, елді мекендердің шекараларын орнату – мұның бәрін жерге орналастырушылар, геодезистер және картографтар жүзеге асырады.  

Өткен 2021 жылы жер кадастры бағыты бойынша 16 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде «Жер учаскелеріне актілер дайындау және беру», «Жобаланатын жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне  келісу»,  «Мемлекеттік  жер  кадастрынан мәліметтер беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» және басқа да қызмет түрлері бар. «Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы Казталов және Жаңақала аудандарының аумағында 500 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарының топырағын зерттеу, Казталов ауданының аумағында 440 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетінің  балын  анықтау,  Жаңақала  ауданының аумағында 50 мың гектар алқапта топырақ материалдарын жаңарту, Ақжайық ауданының аумағында  50 мың гектар алқапта топырақ бонитетін анықтау, Казталов және Жаңақала аудандары мен Бәйтерек ауданы аумағындағы 300 мың га жерге мониторинг жүргізу, 500  мың  га  алаңда  электрондық түрдегі топырақ  карталарын  жасау бойынша жұмыстар атқарылды.

Бүгін біздің кәсіби мерекеміз қарсаңында жерді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан бірқатар жерге орналастырушы мамандар Жер ресурстарын басқару департаменті мен Мемлекеттік корпорация басшылығының медальдарымен және дипломдарымен марапатталды, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша  филиалының директоры Надир Құрымбаев.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»