8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2021 3021 0
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ 35 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

Бүгін, 30 қараша күні  Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифингте  Тәуелсіздік жылдарындағы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. 

– Тәуелсіздік жылдары Қазқастан үшін зор жетістіктер жылы болды. Бұл кезеңде елімізбен бірге Орал қаласы да қарқынды дамып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы еселеп артты, ең бастысы халықтың  тұрмыс-тіршілігі жақсарды, – деді  қала әкімі Абат Абайұлы.

Қазіргі уақытта  Орал қаласының аумағы 720  шаршы шақырымды құрайды. Қала құрамында Деркөл, Зашаған, Круглоозерный кенттері мен Желаев ауылдық округі бар. Осы жылдар ішінде  қалада 18  жаңа шағынаудан пайда болған.

Тәуелсіздік алған жылы қала халқының саны 238 мың адамды құраса, қазіргі таңда қалада 322 мың адам тұрады, яғни халық саны 35% – ға өскен.

Қаланың өнеркәсіп өндірісінің көлемі тәуелсіздік жылдары 264,8 млн.теңгеден 183,8 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 112 млн.теңгеден 107,5 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1994 жылы 360,7 млн.теңге болған. Қазір бұл көрсеткіш 10,5 млрд.теңгеге дейін ұлғайды, өсім 29,3 есе.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»