ОРАЛДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
13 қазан күні Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығында өткен жарысқа 30 шақты спортшы қатысты. Жарыс қатысушыларын қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қолдап келді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесі ретінде БҰҰ қазан айының екінші жексенбісін белгілеген. Осы мерекемен қоса «Мейірбандылық» айлығы жалғасуда.
Аталмыш айлық шеңберінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе ұйымдастырған жарыс 3 спорт түрінен мықтыларды анықтады. Атап айтқанда, Біржан Морякұлы, Гүлмира Батпақұлова, Азон Шаймарданов бастаған белсенділер асық ату, садақ ату, дартс ойындарында ептіліктерін сынға салды.
Қазаққа төл өнердің төркіні болған асық ойыны қай ойыншының болмасын қанжығасын құр қайтарған жоқ, Асқан ептілік пен қол күшін талап ететін қалған спорт түрлері де қызықты өтті.
Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.
Тимбилдинг форматында өткен бұндай шара өңірде бірінші рет ұйымдастырылып отыр.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру

Пікір үстеу