«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНДЕ 198 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Бүгін, 18 қыркүйек күні Орал қаласында 198 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Қоныс иелерін облыс басшысы Ғали Есқалиев құттықтап, пәтер кілттерін иелеріне табыс етті.
Зашаған кентінде бой көтерген тоғыз қабатты тұрғын үй республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынған. Жалпы 2 088, 0 млн. теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстарын «Болашақ –Т» ЖШС бір жыл ішінде салды. Пәтерлердің 81-і – бір бөлмелі, 99-ы – екі бөлмелі, 18-і – үш бөлмелі.
Облыс басшысы Ғали Есқалиев атап өткендей, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп отырған бұл үйлердің арендалық бағасы – 6-12 мың теңге аралығында.
– Биыл өңірде тұрғын үй құрылысына 18 млрд. теңге бағытталды. Тұрғындарды баспанамен қамтуда жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған осы үйден көп жылдар бойы жеке баспаналарын күтіп отырған көпбалалы аналар және басқа да санаттағы азаматтарымыз пәтерлерін алуда. Осы қуаныштарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыздан жылылық кетпесін, – деді Ғали Есқалиев. Сондай-ақ облыс басшысы жаңа үй тұрғындарынан алғашқы күннен бастап мүлік иелері бірлестігін құрып, тұрғын үйді күтіп-ұстау мәселесіне бей-жай қарамауға шақырды.
Жаңа үйден баспана алғандардың бірі – Әлмұқановтар. Отбасын құрғандарына 11 жыл болған Ержан мен Әсел – бес баланың ата-анасы, тағы бір сәбиді күтіп отыр.
– Осы кезге дейін пәтер жалдап жүрдік. Балаларымыз кішкентай болғандықтан, қожайындар пәтерге жібере бермейді. Енді үш бөлмелі өз үйімізге қол жеткіздік. Ауданы – 83,42 шаршы метр, өзімізге ұнады, – деп қуанышын бөлісті отанасы Әсел.
Сондай-ақ осы үйден жетім балалар санаты бойынша 20 азамат пәтерлі болды. Оның ішінде «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінен бес отбасы жаңа үйге көшіп келмек. «Шаңырақ» үйінің директоры Өмірбай Қалымбеттің айтуынша, кейінгі бес жылда балалар үйінде тәрбиеленіп шыққан 300-дей азамат баспана алған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру

Пікір үстеу