8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қыркүйек 2021 1555 0
Қоғам

Оралда «Jaiyq film fest» фильмдер фестивалі өтеді

Орал қаласы әкімдігі және «Qaiyr» қоры «JaiyqFilmFest» халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өтетінін хабарлады. Кинофестиваль ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  және «Қала күні» мерекесіне орай жарияланып отыр.

Фестивальге қатысушылардың жасы шектелмейді, байқау шарттарына сәйкес барлық құжаттарды 10 қыркүйекке дейін ұсынған үміткерлер қатыса алады. Ұйымдастырушы «Qaiyr» қорының төрағасы Алпамыс Шәрімовтың мәліметінше,  фестивальге елімізден және өзге  мемлекеттерден де қатысуға ниет танытқандар көп.

– Біріншіден, мұндай фестивальдер көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты мегополистерде  ғана ұйымдастырылып келеді. Ал шағын қалаларда өтпейді. Мәселен, Канн кинофестивалін ұйымдастыру арқылы Францияның осы қаласы дүниежүзіне танымал болды. Халқы не бары 74 мың адам. Яғни, тұрғындары біздің Оралдан 5 есеге аз. Канн осы бір ғана фестиваль арқылы іргесіндегі Ницца, Монте-Карло қалаларының да туристік-экономикалық әлеуетінің дамуына серпін берді. Біздің мақсат Оралда туризмді дамытуға үлес қосу. Әрине, бірден бола қоймас. Десек те, Орал – өте әдемі қала. Кино түсірушілер үшін камера нысанына алатын объектілер жетерлік. Осы орайда ХІХ, ХХ ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіштерді таныстырсақ дейміз. Бұдан бөлек, Оралдан эксклюзивті өнерімен танылған дарындар мен таланттар аз емес. Осы фестиваль енді кино саласындағы жаңа толқынның шығуына сеп болады деген сенім бар, – дейді  Алпамыс Шәрімов.

Кинофестивальдің  қазылар алқасы да халықаралық деңгейдегі кино саласында өзіндік орны бар тұлғалардан құралады. Қазылар алқасының төрайымы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешова.

Кинофестиваль жеңімпаздары  «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік деректі фильм» номинациялары бойынша марапатталады. Сондай-ақ  қазылар алқасының арнайы сыйлығы ұсынылмақ.

Айта кетейік, «Қала күні» мерекесіне арналған шаралар 10 қыркүйектен басталады деп күтілуде. Ал кинофестиваль 16-17  қыркүйекке жоспарланған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»