8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Тамыз 2021 1651 0
Қоғам

АРДАГЕР-ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің  «Экономика және аудит» жоғары мектебінің ұжымы қос ардагер-ұстазды зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Бұл туралы БҚАТУ-дың медиа-орталығы хабарлады.

Оқу ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған экономика ғылымдарының кандидаттары, профессор ғалымдар Сағындық Бисенов пен Талантта Траисоваға арналған салтанатты шарада университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтың құттықтау хатын табыстап, қос ұстазға қазақтың дәстүрімен шапан және камзол кигізді. Жоғары оқу орнының ректоры Асқар Мырзахметұлы өзінің құттықтау хатында зейнеткерлерге экономика саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірген.

Іс-шарада сөз алған «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының» директоры Жанар Ержанова кеш иелеріне барша әріптестерінің атынан күні бүгінге дейін көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін рақмет айтып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Ардагер-ұстаздар Сағындық Хамзаұлы мен Талантта Нағиқызы білім ордасына алғашқы қызметке орналасқан жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар  университет басшылығы мен әріптестеріне көрсеткен сый-құрметтері үшін ризашылықтарын жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»