ОРАЛДА 8 СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Спорт күні қарсаңында тұрғындар игілігіне ұсынылған алаңдардың ашылуына қала басшысының орынбасары Ерлан Ғалиев, ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Кешенді алаңдар жергілікті қазына есебінен салынды. Құрылыс жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізген. Мәселен, Құрманғазы, 102 мекенжайында ашылған спорттық және ойын алаңының жалпы аумағы 1877 шаршы метр. Бұл алаңның салуына 48,720 млн. теңге жұмсалды. 419 шаршы метр аумаққа жол төселген. Жасанды көгалмен жабылған шағын футбол алаңы 1008 шаршы метр. Көпфункционалды алаңда баскетбол мен волейбол ойнап, доп тебуге болады. Жаттығу құрылғылары мен ойын құрылымдары орнатылған. Дәл осындай спорттық және ойын алаңдары Алмазов, 69 мекенжайында және Деркөл кентіндегі Ы.Алтынсарин, 16-үй ауласында пайдалануға берілді. Әр алаң жарықтандырылып, бейнекамералар орнатылған. Орындықтар мен қоқыс салғыштар да жаңартылған.
Нысандардың ресми ашылуынан соң алаңдарда баскетболдан және футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
Биыл қалада заманауи үлгідегі 20 спорттық және ойын алаңын салу жоспарланған болатын. Оның 14-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған алаңдар салынады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру


Пікір үстеу