8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2021 2034 0
Қоғам

ЖҰБАН САЯБАҒЫ ЖАС КӨШЕТТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

 8 мамыр күні Ақ Жайық жастары саябаққа  30 көшет отырғызды. Бұл шара Ел Тәуелсіздігінің  30 жылдығына  арналды. 

Жұбан ақынның ескерткіші орналасқан саябаққа жас көшеттерді түптендіру шарасы «Киелі табиғат» жалпыұлттық экологиялық жобасының «Естелік саябағы» акциясы аясында өтті. Шараға «Ақ Жайық жастары» волонтерлік корпусы, «Орал жастары» волонтерлік корпусы, «Жаңғыру жолы» қоғамдық бірлестігі мен «Жас ұлан» ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар өздері отырғызған бұл көшетттер болашақта  мәуелі ағашқа айналарына сенімді. Ең бастысы, туған жерді түлету әр азаматтың парызы екендігін еске салып тұратын болады.

Айта кетейік, аталмыш жоба 24 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпаққа экологиялық білім берудің тиімді әдістерін жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолға алуымен өткізілуде.  Осы реттте 25 мамырға дейін ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады.

Әлеуметтану зерттеулері қазіргі кезде экологиялық мәдениет пен экотренд қазақстандық жастардың TOП-5 құндылық критерийлеріне кіріп отырғандығын көрсетіп тұр. «Киелі табиғат» жобасы осы оң тенденцияны нығайтуды және дамытуды көздейді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»