8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2021 1337 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАПСЫРҒАНДАРҒА СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

2021 жылғы 20 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы хабарлады.

Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеріп 3 санатты қолданады.
• 1 – санатқа жатқызылатын қару:
-пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;
-бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады;
• 2 – санатқа жатқызылатын қару:
-пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады;
• 3 – санатқа жатқызылатын қару:
-негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.

Ерікті түрде оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған кезде сыйақы мөлшері белгіленеді:
– гранат, мина, жарылғыш құрылғылары және артиллериялық снарядтар үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін ( 20 419 теңге);
– әрбір 1000 грамм жарылғыш заты үшін алты айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (17 502 теңге);
– әрбір тапсырылған ойық қару патрондарына төленетін сыйақы сомасы:
​ калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін (83,34 теңге) сыйақы;
калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін (25,37 теңге) сыйақы беріледі.


Ал келесі заттар мен құралдарға сыйақы төленбейді:
1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылмаған;
2) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің АБДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға;
3) қолдан жасалған оқ-дәріге;
4) тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға.
Сыйақы беру аумақтық ішкі істер бөлімдерінің қаржы қызметтері тарапынан тұрғындардан ақылы түрде тәркіленген атыс қарулары, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарға бюджет шотынан аудару арқылы іске асырылады. Тұрғындармен қаруды тапсыру үшін учаскелік полиция инспекторларына немесе аумақтық ішкі істер органдарына міндетті түрде жүгіну қажет.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»