ҒАЛЫМДАР МАРАПАТТАЛДЫ
12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні. Сейсенбі күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңіріміздегі оқу орындарының профессор-ғалымдарын өңір басшысы Ғали Есқалиевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей түрлі ғылым саласындағы жандар үшін бұл күн айрықша мереке. Ғылым кез келген қоғамның қозғаушы күші. Онсыз келешегімізді елестету мүмкін емес. Еліміз етек-жеңін жинап, Тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі бері халықаралық рейтингте бәсекеге қабілетті болуға ұдайы ұмтылуда. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында да негізгі шаруашылықтың экономиканың бастаушы көзі осы Орта Азия кеңістігі қазақтың кең даласында ғұмыр кешкен тайпалар мен рулардан пайда болған тұңғыш мемлекет құрылымдары мен археологиялық қазбалардан көрініс тапқанын жәдігерлерден көруге болады. Өнертапқыштар халқымызда бұрыннан да болған. Қанша ғасыр бұрын зәулім-зәулім кешендер, күмбездер орнатылды. Қаланың тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық желілер орнатылды. Сондықтан ғылым ХХ ғасырда пайда болды деп айта алмаймыз. Бұл мерекені мемлекет қабылдаған кезде ғылыми тұрғыда зерттеліп және елімізден шыққан тұңғыш биолог ғалым, академик Қ.Сәтпаевтың туған күніне орайластырылған болатын. Бұдан бөлек бұл күні қазақ сахарасынан адамзаттың өкілі ғарышқа алғаш сапар шеккен еді. Біз білім күнін білеміз, бірақ ғылым күнін білмейміз. Сол себепті ғалымдардың да орны ерекше. Кез келген рухани жаңғыру, бәсекеге қабілетті болу әрине, бірінші кезекте білім мен ғылымның салтанат құрған жерінде болады. Сонда ғана бәсекелестікке дайын боламыз. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамыған дәуірі. Осынау алпауыт заманда адамзаттың өмір сүру дағдысы ауырдан жеңілге ойысқан сайын адам бір ғана түймешік арқылы бүкіл әлемді басқарғысы келеді. Қазіргі таңда адамның қолынан бәрі келеді. Ғылым мен техниканың қоғам дамуының саласында біздің ғалымдардың да жаңалықтарын көргіміз келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткен жылғы Жолдауында «Бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйенуіміз қажет» деп ғылым саласына қатысты негізгі мақсатты айқындап берді. Ғылым саласында айтулы жетістіктерге қол жеткізген өздеріңіздей ғалымдармен мақтанамыз, – деген Бақытжан Хаберұлы өңірдің бір топ ғалымдарын облыс әкімі Ғали Есқалиевтың атынан Алғыс хаттармен марапаттады.
Жиында сөз алған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қазақ филиологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Мүтиев жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдарын кәсіби мерекелері саналатын ҚР Ғылыми қызметкерлер күнімен құттықтап жатқан облыс басшылығына ризашылығын білдірді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу