8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Наурыз 2021 2309 0
Қоғам

ЖЕРЛЕСТЕРІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ М.ЫҚСАНОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

30 наурыз күні Достық үйінде Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 95 жыл толуына арналған​ ​ «Із қалдырған дара тұлға» атты еске алу кеші өткізілді.

Аталмыш шараға БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, Мұстақым Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев және  шақырулы қонақтар қатысты.

Арамызда жоқ болса да күн озған сайын халқының сағынышына айналған, талайларға жан шуағын төгіп, еліне өшпес із қалдырған асыл азаматтың құрметіне көптеген шаралар оздырылған болатын. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ғимараты жанында «Ғасырдың асылы» атты Мұстақым Ықсановқа арналған тақтайшаның ашылуы, баскетболдан жарыс және «Азамат боп ертеңмен, елге қызмет етемін» атты жастар арасындағы М.Ықсановтың 95 жылдығына орай пікірсайыс турнирлері өтті.

Еске алу кеші барысында Мұстақым Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев және БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.

Одан әрі шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламада Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері Айбар Хайырханов, Айбек Тұрарбеков, Алтынбек Оразов, Дария Бақытова, Дархан Құлбабев, Жастар мәдениет үйінің әншілері Тарас Жауынбаев, Рүстем Кереев, Рустам Хафизов, Азат Қабиев, ​ Әсел Кажимова, Салтанат» би ансамблі /жет.Б.Сапарғалиева, М.Танатова/ және Аружан Темірғали, Кәусар Мұса өнер көрсетті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»