БҚО-ДА 700-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Облыста коронавирусқа қарсы вакцинациялау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вацинациялау басталды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, вакцинациялаудың ІІ компоненті үш аптадан кейін жүргізіледі. Бүгінгі күнге «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының алғашқы партиясында екпе алған медициналық қызметкерлерге екінші компонентті егу аяқталды. 4 наурызда облысқа «Гам-КОВИД-Вак» 5 500 дозасы жеткізілген. (Оның 3250 дозасы – І компонентке, 2250 дозасы – ІІ компонент үшін) 19 наурызда вакцинацияның 1000 дозалық мөлшердегі І компоненті жеткізілген.
– Бүгінге дейін түскен 4250 доза бойынша 3255 адам вакцина алды. Олардың ішінде 768-і – педагог, 199-ы – күш құрылымдарының қызметкерлері, – деп мәлім етті БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыста COVID-19-ға қарсы вакцинация жасау үшін 28 вакцинация бөлмесі дайындалған. Олардың жетеуі – мемлекеттік қалалық емханалар, бесеуі – жекеменшік емханалар («Медициналық орталық» ЖШС, «Медикер Ақсай» ЖШС, «Батыс АвиГип» ЖШС, «Uniserv Medical Center» ЖШС, «INTERTEACH»), сондай-ақ 15 аудандық аурухана және 1 ауылдық ауруханада («Тайпақ ауылдық ауруханасы» ШЖҚ МКК) екпе жасалады.
Айта кетейік, вакцинация ерікті түрде жасалады. Қазақстан Республикасының «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек вакцинацияланған адамның саналы келісімімен жүзеге асырылады. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина профилактикалық вакцинацияға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға рұқсат етіледі. Вакцинацияның 1-ші кезеңінде температураны өлшеу, эпидемиологиялық анамнез жинау арқылы дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі. Егер температура 37 °C-тан асса, вакцинация жасалмайды. Аурудың өткір кезеңдері вакцинацияға уақытша қарсы көрсеткіштер болып табылады. Вакцинациядан кейінгі кезеңдегі медициналық бақылау вакцинация алғаннан кейінгі алғашқы 30 минут ішінде және иммундаудан кейінгі келесі 3 күн бойы жүргізіледі.
Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы вакцинация бөлмелері барлық қажетті құрал-жабдықтармен, шокқа қарсы бұрыштармен, вакцинациядан кейін мүмкін асқынулар кезінде жедел көмек көрсету алгоритмдерімен, дезинфекциялау және зарарсыздандыру ережелерін сақтау шарттарымен, эпидемияға қарсы режимдермен қамтамасыз етілгенін мәлім етті. Барлық 28 егу учаскелерінде КВИ-ға қарсы вакциналарды бақылауға арналған бөлек бөлмелер бар. Арнайы бейджиктер әзірленген, вакцинацияланған адамдарға COVID-19 вакцинасы туралы жадынамалар ұсынылады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу