8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2021 4864 0
Жалын

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу  айт мерекесі аясында Ақ Жайық жастары үш күн бойы ұлттық ойындарды ұлықтады. Әрі бұл үш күндік шара қайырымдылыққа бағытталып, жиналған 500  мың теңгеден астам қаржы арқадағы бұлшықет атрофиясына шалдыққан кішкентай Эмир Шахмаровқа берілді.

Бүгін Батыс өңірі үшін айтулы мереке – Көрісу күні. Осы орайда «Jas Otan» жастар қанаты БҚО филиалы ұлттық ойындарды  насихаттау, өңір жасатрының ұлттық ойындар бағытындағы спортқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында спартакиада өткізді. Спартакиаданың өтуіне  облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі  Т.Тілемсіов қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.

12-14 наурыз аралығында ұйымдастырылған шараға өңірдегі оқу орындары студенттерінен құралған 10 команда қатысты. Қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылғандықтан, қатысуға өтінім берген әр команда жарналық төлем жасады. Бұл төлем бірден Эмирге аударылды.

Асық ату, Бес асық, Тоғызқұмалақ, Аударыспақ, Қазақ күресі, Садақ ату, Теңге ілу, Ләңгі тебу, Қол күресі, Арқан тартыс сынды ойындардан өткен жарыстар бойынша жалпы командалық есепте М.Өтемісов атындағы БҚУ командасы – бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, үшінші орынды  Жоғары аграрлық колледжінің  командасы алды.

Жеңімпаздарға медаль, кубоктар, ақшалай сертификат табыс етілді. Десек те, әр команда жүлделері үшін ұтқан қаржыны толықтай Эмирге беру туралы  шешім қабылдады.

Эльмира НҰҒМАНОВА ,

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»