8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2021 1272 0
Қоғам

КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

26 ақпанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы аясында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевтің, уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің (сәулет, қала құрылысы, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, Мемлекеттік кірістер мен көші-қон және т.б. салаларда), «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы мен ірі және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн диалог алаңы өткізілді.

Диалотық алаңда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Н.Самет карантин кезеңінде бизнес субъектілерінің облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру проблемаларына тоқталды. Мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуал құруға және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу саласында жалпы құны 854 млрд. теңге болатын 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар  «Самал» ауданында тұқы балықтарын өсіру бойынша «ПСП «Серік» ЖШС-ның жобасын іске асырудың проблемалық мәселесі талқыланды.

Өз кезегінде М.Н.Манкеев аталған жобаны келісу үшін айтарлықтай әкімшілік ресурстар жұмсалғанын, соның арқасында жобаның бір бөлігін іске асыру қарқынды жүріп жатқандығын, алайда учаскелердің меншік иелерімен мәселесі әлі де өзекті болып қалатынын жеткізді.

«Аqjaiyq»ӘКК басшысы  Н.Ш. Курумбаев облыс әкімдігінің шетелдік және отандық инвесторларды қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмыс істеу тұжырымдамасымен таныстырды.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде онлайн кеңес беру бойынша ұсыныстар берілді.

Кездесуге қатысушылар аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қатысты өз пікірлерін білдірді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»