10 САҒАТТЫҚ ОТА – ЖОЛ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТЫҢ ӨМІРІ ҮШІН КҮРЕС
Атырау-Орал тас жолында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен азаматқа Тайпақ ауылдық ауруханасында ота жасалды.

22 ақпанда Атырау-Орал тас жолының 259 шақырымында, Ақжайық ауданының Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде Toyota Corolla және Lada Priora көліктерінің қатысуымен жантүршігерлік апат болды. Апат салдарынан төрт әйел мен екі ер адам қайтыс болды. Ал 1978 жылы туылған бір ер адам, Атырау облысының тұрғыны жақын аралықта орналасқан Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық ауруханасына дене жарақаттарымен жеткізілгенін жазған едік.
Алғашқы тексеру кезінде ауыл ауруханасының дәрігерлері іштің жабық жарақатын анықтады. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, шокқа қарсы шаралар қолданылды. Алайда сағат 22.00-ге қарай науқастың жағдайы нашарлай бастаған. Чапаев ауылынан Ақжайық аудандық ауруханасының хирургиялық тобы шақырылды.
Аурухаана директры, жоғары санатты хирург Алмас Жүнісбековпен бірге хирург Дәурен Кудесов ауылдық ауруханаға келіп, дереу науқастың іш қуысына ота жасады. Алайда, әріптестердің кеңесі мен көмегі қажет болды. Сол күні қатты боран болғандықтан, облыс орталығынан мамандарды алдырту мүмкін болмағанын атап өткен жөн. Сондықтан Жаңақала аудандық ауруханасының бас дәрігері, 14 жылдық операция жасау және медициналық авиацияда тәжірибесі бар, жоғары санатты хирург Сержан Есенгубеков жолға шықты. Бірақ, ауа райына байланысты барлық көлік түрлері үшін жолдардың жабық болуы әбігерге салған. Осы ретте дәрігердің жолға шығу мақсатын білген екі жол полициясының қызметкері дәрігерді өздерінің патрульдік көлігімен Тайпаққа алып барды. Барлық қызметтердің келісілген іс-қимылдарының арқасында ең күрделі операция уақытында жүргізілді.
Хирургтар зардап шегушіні құтқару үшін операциялық бөлмеде 10 сағаттан артық болды. Қазір науқастың жағдайы ауыр, оны тасымалдау мүмкін емес. Бірақ ақ халаттылар оның жарақат салдарын жеңіп, өмір сүреді деген үмітте. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Бұл жерде тек дәрігерлердің жұмысын, хирургтардың жанқиярлығын ғана емес, сонымен қатар адамды құтқару жолында өз үлестерін қосқан басқа қызметтердің уақытылы қолдауының маңыздылығын атап өткен жөн.
Медицина мамандары жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде, әсіресе қыста автомобиль жолдарында абай болуды тағы бір рет ескертеді. Адам өмірі мен денсаулығынан қымбат ешнәрсе жоқ.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу