БҚО-ДА ТҮЛЕКТЕР ҮШІН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
БҚО білім басқармасы түлектер үшін ҰБТ-ға дайындық сабақтарын жүргізуді бастады. Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырып отырған қаңтар – мамыр айлары аралығында оnline консультация түрінде өткізілуде.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған оnline сабақтар дүйсенбі – сенбі күндері аралығында Zoom платформасы арқылы өткізіледі. Бүгінде 5626 оқушы осы сабақтарға қатысып, білімдерін шыңдауда. Дайындық сабақтарын жүргізу үшін М.Өтемісов атындағы БҚУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ мен «Достық», «BILIM» білім орталықтарының педагогтері, республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, «Озат тәжірибелі» педагогтер тартылған.
Сонымен қатар мектептерде 9, 11 сынып оқушылары үшін 5 оқушыдан құралған арнайы топтарға жеке жұмыстар жүргізіледі. Облыс бойынша жалпы 8564 оқушы қамтылып отыр. Сондай-ақ, мұғалімдер телеграмм каналында әр пән бойынша чат ашып, оқушылардан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдауға көмектесуде.
Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен педагогтер арасында тәжірибе алмасып, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пән мұғалімдері үшін әдіскерлер озат тәжірибелі мұғалімдердің қатысуымен сенбі күндері онлайн режимде оқушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындауға «сенбілік мектеп» жұмысын жүргізуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу