8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2021 1351 0
Қоғам

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АНАЛАРЫ ДЕПУТАТТЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов өңір тұрғындарын қабылдады. Олардың қатарында ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары да болды Олар депутаттан балаларына тағайындалған дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде көмектесуін сұрады.

– Өткен жыл бәрімізге оңай болған жоқ. Осыған байланысты тұрғындардың көпшілігінде материалдық сипаттағы және жалпы денсаулыққа қатысты мәселелер туындады. Біз үшін(«ерекше» балалардың аналары- автор.), мұның бәрі өте қиын. Сондықтан, біз сізден көмек, кеңес сұрау үшін келдік, – деп түсіндірді аналардың бірі.

Тұрарбек Тілемісов тиісті түсініктемелер берді. 

Сондай-ақ, қабылдауға 4 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана келіп, тұрғын үй мәселесін қозғады. Ол бірнеше жылдан бері кішкентай балаларымен бірге пәтер жалдап келе жатқанын айтты. Көп балалы анаға арендалық баспана алу туралы түсініктеме берілді.

Қала тұрғыны І топтағы мүгедек азамат  ілеспе қызметкерді бекіту мәселесі бойынша көмек сұрады. Ерекше күтімді қажет ететіндіктен, жалғыз өзінің кішкентай балаларды қарауға мүмкіндігі жоқ екен

Макаров ауылының (Бәйтерек ауданы) тұрғыны ауданнан жер учаскесін беру туралы сұрақпен келді. 2006 жылы ол Қазақстанға келіп, «қандас» мәртебесін алған, сонымен бірге Ауған соғысының ардагері. 2007 жылы жеңілдік алушы адам ретінде жер учаскесіне кезекке тұрған. 13 жыл өткенімен, әлі жер берілмеген. Ардагерге консультация беріліп, тиісті атқарушы органдарға хат та жолданды.

Бұдан бөлек халықты жұмыспен қамту саласы бойныша да өтініштер қабылданды, оның ішінде жаңа бизнес-идеяларды дамытуға гранттар беру, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары: мемлекеттік ақы төленетін жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындары, қысқа мерзімді оқыту бойынша сауалдар түсті. Әрбір жағдай бойынша, қажеттілігіне қарай мемлекеттік құрылымдардың мамандары тартылып, мән-жайлар түсіндірілді.

Бірнеше адам құқықтық сипаттағы сұрақтар қойды.

Атап өтейік, партияның қоғамдық қабылдауы күн сайын жұмыс істейді. Бұл жерде депутаттар тұрғындарды қабылдап, мәселенің шешімін табуға көмек көрсетеді.  Анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»