БІР АЙДА 88 АЛАЯҚТЫҚ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Орал қаласы бойынша қаңтар айында 88 алаяқтық фактісі орын алды, оның 42-сі интернет алаяқтығына қатысты істер болып отыр.

Орал қаласы Полиция басқарамсы баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлованың мәліметінше, интернет жолымен алданған тұрғындардан 42 арыз қабылданды. Соңғы тіркелген фактілер көрсеткендей, қала тұрғындары «OLX Уральск», «Колесо» сынды әлеуметтік желілерден хабарландыруларды қарап, тез арада тоңазытқыш, көліктің қосалқы бөлшектерін сатып аламын деген белгісіз тұлғаларға немесе ақша аударым жүйелері арқылы 600, 700 мың теңгеге жуық, тіпті одан да көп мөлшерде қаражаттарын аударып, алаяқтардың құрбаны болуда.
Қала тұрғындарына хабарласқан бейтаныс жан өзін банктің қызметкері ретінде таныстырып, «Сіздің есеп-шотыңыздан көп көлемдегі қаражат жойылып кетуі мүмкін. Сол себепті маған банк карточкасының, есеп-шоттардың нөмірлерін айтыңыз» деп сұрап алады да, шотта жинаулы тұрған қаражатты өзіне аударып алады. Жеке басы мен карточкаларының деректерін ағынан жарыла айта салған азаматтар осылайша интернет алаяқтарының құрбанына айналуда.
– Егер де Сізге бейтаныс тұлға хабарласып, өзінің басқа қалада жүргенін айтып, дәл қазір картаңыздың нөмірін жазып салуды сұраса, бейтаныс адамдарға жеке басыңыздың деректері мен банк картасының пин кодтары мен нөмірлерін айтпауларыңызды сұраймыз. Соңғы уақытта өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, қала тұрғындарының карталарының нөмірлерін, өзге де деректерін сұрап алып, алаяқтардың құрбаны болу фактілерінің жиілегені жасырын емес. Алаяқтар бірнеше азаматты дүрліктіріп, оларға көп шығын әкеледі. Моральдық және материалдық тұрғыдан қаншама зиян келтіреді. Сол себепті облыс пен қала тұрғындарының алаяқтарға алданып қалмауларын, жалған телефон шалушылардан сақ болуларын сұраймыз, – деді Гүламан Исмағұлова.
2020 жылдың 12 айында Орал қаласы аумағында 976 алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 482-сі интернет алаяқтығына қатысты қылмыстық істер. Интернет алаяқтығына қатысты тіркелген қылмыстық істердің 180-і ғана ашылған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу