ҒЫЛЫМҒА СЕНЕМІН – БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ А.НҰРӘЛИЕВ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ
Батыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені ең алғашқы болып облыс әкімінің орынбасары А.Нұрәлиев алды.

Облысқа Ресейде өндірілген Gam-COVID-Вaк вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Өңірдегі 26 емхана тұрғындарға вакцина салуды бастап кетті. Алғашқы болып бұл екпені алған облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев. Ол екпені қаладағы №1 емханада салдырды.
Алдымен медицина қызметкерлері денсаулық жағдайын тексеріп, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілім жоқ екенін анықтады. Бұдан кейін коронавирусқа қарсы вакцина егілді.
– Біріншіден, алдын ала тексеру кезінде қобалжыған жоқпын. Екпе салудан кейін де жағымсыз әсерлерді байқап тұрғаным жоқ. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жалпы індет басталғалы сақтанып жүрдім. Екпені ерікті түрде алдым. Мен ғылымға сенетіндердің қатарынанмын. Бұл вакцина бірнеше зерттеуден өтті. Індетті жұқтырып алудан қорқып жүргеннен, екпе алып қамсыз жүргенді дұрыс санаймын, – деді өзінің ерікті түрде екпе салдырғанын айтқан Айдар Аллабергенұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу