8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2021 1440 0
Өзек

БҚО-ДА ЕКІ ЖЫЛ ІШІНДЕ ПАРА БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ 53 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ

Бұл туралы бүгін БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.Ақмырзаев мәлім етті.

 Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

– Соңғы 2 жылдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Батыс Қазақстан облысында пара беру және пара беруге итермелеудің 53 дерегі анықталды. Қылмыстық жауапкершілікке 60 тұлға тартылып, 51 тұлға сотталды, оның ішінде 3 тұлғаны бас бостандығын айыру, 1 тұлға бостандығын шектеуге кесілді, қалғандарына айыппұл салынып, айыппұлдың көлемі 2 млн. теңгеге жуық соманы құрады, – деді Рустам Ақмырзаев.

Сонымен қатар 9 тұлға ветеринариялық анықтамасыз ет сатуды кедергісіз жүзеге асыру үшін пара берген және 2 тұлға Орал қаласында пәтерлерді жеделдетілген түрде алу мақсатында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеген.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»