8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2020 1604 0
Өзек

БҚО-ДА БІР ОТБАСЫНАН БІРНЕШЕ АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛУДЕ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте  облыстық бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері М.Арыспаев айтты.

Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша COVID-19 инфекциясының 8963 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 4521, симптомсыз – 4442 жағдай. Індеттен 7890 адам сауығып, өкінішке орай 160 адам қайтыс болды.

1 желтоқсаннан бері коронавирустық инфекциямен барлығы 886 жағдай тіркелген, оның ішінде 542 жағдайда ауру белгілері бар болса, 344 жағдайда – ауру белгілері жоқ. Олардың басым бөлігі Орал қаласында, яғни 518 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 58,8 пайызын құрады. Бөрлі ауданында – 133 жағдай (15%), Бәйтерек ауданында – 103 жағдай (11.6%), Казталов және Теректі аудандарында – 25 жағдайдан (2.8%), Жаңақала ауданында – 16 жағдай, Ақжайық және Бөкей ордасы аудандарында – 15 жағдайдан, Тасқала ауданында – 11 жағдай, Сырым ауданында – 10 жағдай, Жәнібек ауданында – 8 жағдай, Шыңғырлау ауданында – 4 жағдай тіркелген. Ай басталғалы Қаратөбе ауданында бірде-бір жағдай тіркелмеді.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы М.Арыспаевтың  мәліметінше, өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен өңірде  29 жағдай тіркелді, оның ішінде 16 жағдайда ауру белгілері бар болса, 13 жағдайда ауру – симптомсыз. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 15 адамда (51,7%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 9 адамда (31%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 3 адамда (10,3%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 2 адамда (6,8%) анықталды.

– ЖРВИ белгілері бар науқастардың арасында коронавирустық инфекцияның көптеп табылуы (көбінесе инфекция көздері белгісіз) олардың қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтамауын, жеке қорғаныш құралдарын кию ережелерін бұзуын, адамдар көп жиналатын жерлерде болуын болжайды. Сонымен қатар, байланыста болған адамдар арасында да жиі анықталуы үй карантиніндегі науқастардың өзін-өзі оқшаулау қағидаттарын сақтамауының және бұзуының салдары болып табылады, осылайша үй ошақтарында тығыз байланыста болған адамдарға жұқтырады, мысалы, Теректі ауданында, бір отбасылық ошақта 3 адам ауырып қалды, Тасқала ауданында бір отбасында 4 адамда (КВИ анықталған адамның ата-анасы мен ұлы) анықталды. Бөрлі ауданында бір отбасы ошағында 5 адам коронавирус жұқпасымен ауырды, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»