«ҮМІТТЕ» БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні Оралдағы Деркөл кенті Үміт шағынауданында балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Жаңа алаңның ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков, елдімекен тұрғындары жиналып, шағынауданды көркейту мәселесін талқылады.

Тұрғындар балалардың қауіпсіздігі үшін алаңның салынғанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, оған қоса елдімекен аумағын көгалдандыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Қала басшысы Абат Шыныбеков алдағы уақытта кентте тұрғындардың демалыстарын өткізуге, тынығуға арналған орындарды ұйымдастыру жалғасын табатынын атап өтті.
Кент әкімінің орынбасары Роман Жумиевтің айтуынша биыл кентте үш балалар ойын алаңы салынған. Құрылымдарды орнатуға 5 млн. теңге жұмсалған.
– Биыл жоспарланған үш ойын алаңы Новостройка, Ветелки елдімекендері мен Үміт шағынауадны аумағында орнатылды. Деркөлдің орталық саябағындағы спорттық алаң күрделі жөндеуден өтті. Келер жылы Деркөлдің орталығында , Көкжиек және Сарыарқа шағынаудандарына ойын алаңдарын салу жоспарлануда. Сондай-ақ аялдама павильондары мен қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдарды және басқа да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, – деді Роман Жумиев.

Айта кетейік, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарға сәйкес, 2020 жылы 18 наурызда БҚО әкімдігінің №48 Қаулысы және БҚО мәслихатының №33-12 бірлескен Шешімі негізінде «Орал қаласы Деркөл кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылып, шілде айынан бастап жұмысын бастаған болатын.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу