«ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА» ЕМХАНА АШЫЛДЫ
«Құс фабрикасы» аталып кеткен Зашаған бау-бақша серіктестігі аумағында отбасылық дәрігерлік емхана жұмысын бастады. Бұл медициналық нысан тұрғындардың сұранысына сәйкес Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша «БатысАвиГип» ЖШС-ның инвестициясымен ашылып отыр. Жеке болғанымен, тұрғындарға қызмет көрсету міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі және кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ұсынылады.

Серіктестік директоры Ерғали Оразов таныстырып өткендей, жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинеколог, бала дәрігері, зертхана, ем-шара жүргізу, дәрігердің рецептісіне сәйкес тегін ұсынылатын дәрі-дәрмек тарату бөлмелері жабдықталған. Сондай-ақ нысанда күндізгі стационар жұмыс жасамақ. Екі қабатты нысанның құрылысына 50 млн. теңге жұмсалған.
– Емхана құрылысын жүргізуде жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау көрсетілді. Жерді рәсімдеу, коммуналдық желілерді тарту сынды мәселелерді реттеуге жәрдем жасалды. Тұрғындарды тіркеуге, қабылдау жүргізуге дайынбыз, – деген Ерғали Қараұлы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету басты назарда болатынын атап өтті. Күнделікті жоғары тәжірибелі дәрігер, акушер-гинеколог қабылдау жүргізеді. Тар шеңберлі мамандар сұранысқа байланысты аптасына бір-екі мәрте келіп тұрмақ.
Бұл емхананың «Құс фабрикасы» аумағына салыну себептерінің бірі – Зашаған кентіндегі №6 емхананың жүктемесін азайту. Қала басшысы Абат Шыныбековтың айтуынша, онда қазір 70 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі. Қуаттылығы күніге 250 пациентті қабылдауға есептелгенімен, іс жүзінде 1000 азаматқа дәрігерлік көмек ұсынылып келеді. Дәл сол емханадағы қызметтер жаңа емханада да көрсетілетінін есепке алсақ, «Құс фабрикасы» тұрғындарына қоныстарына таяу жерде орналасқан емхананы таңдаған тиімдірек.
Айта кетейік, облыс орталығында 2020-2024 жылдар аралығында 72 инвестициялық жоба iске асырылады. Оның iшiнде 20-сы биыл iске қосылмақ.
Еcтеріңізге сала кетсек, бұған дейін осы бау-бақша серіктестігінде жол төсеу жұмыстары жүріп жатқанын жазған едік.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу