8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қазан 2020 1165 0
Қоғам

«ҚАРТТАРЫН АРДАҚТАЙ БІЛГЕН ЕЛДІҢ РУХЫ ҮСТЕМ»

Ба­ла кезімізде ақ сақалды ата­ла­ры­мыз бен ақ шаш­ты әжелеріміздің «Жа­сым­да қаншалықты бей­нет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр» деп жаратқанға жал­ба­ры­нып отырғандарына та­лай куә болдық. Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жет­пес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Сол уақыттары бұл қылықтарына күле қарап, кәрі адамға әдеміліктің не қажеті бар дейтінбіз. Сөйтсек қарттар сөзінің жа­ны бар екен.

Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Ел ерлері әр­қа­шан еңбектеген баладан, еңкейген қар­тына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. “Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік”, деп атап көрсетеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде. Шын­ды­ғында да өсетін елдің өнегелі ұр­пағы дария теңіз қариясын құр­меттеп, кейуанасын сыйлауды әр­қашан өмірлік қағида тұтқан. Осы қағиданы қалт жібермей  2020 жылғы 1  қазан күні «ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі М.З. Баев пен Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О. В. Бенцлер, Қызметтің ардагерлері № 1МӨСБ жүргізушісі қызметін атқарған аға прапорщик В.В.Бондаренко мен №26 ӘӨСБ жүргізушісі болған сержант К.К.Толоконниковты қариялар күнімен құттықтады. Қызметте  біраз жылдар қызмет еткен ардагерлер өздері жұмыс жасаған сол бір заматты, әріптестерін ойға алып, әдемі естеліктерімен бөлісіп, Қызмет басшылығына алғыс білдріп, жұмыстарнының жемісті болуын тіледі.

Ендеше «Үйдегі қарияң – жазып қойған хат­пен тең», демекші қарттарын құр­меттеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем. Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған егемен еліміз алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрметтеуді даму баспалдақтарында басымдыққа айналдырып келеді.

Ақиық ақын Сағи Жи­ен­ба­ев қазақтың қазыналы қарттарының жиынтық бейнесін:

Дүниеге ке­лер бір рет,
Да­рия ке­уде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым, аман саумысың, – деп төрт шумақ өлеңге сыйғызған екен. Да­рия ке­уде, тау мүсіндерге ақыннан артық теңдессіз теңеу мен та­ма­ша тілек тап­пас­пыз, сірә. Қазыналы қарттарымыз аман болып, еліміз тыныш болсын деген тілек бізден!

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»