8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2020 1201 0
Қоғам

ЗИЯТКЕРЛЕР «АРУ АҚЖАЙЫҚТЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ» МЕРЕКЕЛІК ЖОБАСЫН БАСТАДЫ

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күздің ең сәулелі мейрамы – Мұғалімдер күні қарсаңында «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жаңа жобасы бастау алды.

Мерекелік жобаның басты кейіпкерлері  – білім беру саласының майталмандары –  облыс аудандары мен қала мектептері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, біліктілікті арттыру Институты мен балабақшалардың белді ұстаздары. Зерттеу жобасында оралдық зияткерлер  кейіпкерлердің өнегелі өміріне қанығып, ұстаздық ұстанымдарын зерделеп, нағыз мұғалімінің бейнесін ашуда. NIS-тің  әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жоба нәтижесі ретінде оқушылардың кейіпкермен болған сұхбаты, мақала, бейнеролик, зерттеу жұмыстары жариялануда.

Жоба кейіпкерлерінің бірі – «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі, «Жыл директоры – 92» облыстық байқауының жеңімпазы, ардагер ұстаз Ситекенова Үміт Ғұмарқызы.

– Заман көші қандай бағыт алса да, мектептің басты мақсаты ол – Адам жасаушы, жан-жақты тұлғаның фундаментін  қалау. Жас буынға өмір сүру  – шатаспай сурет салу екендігін ұғындыру. Әр адам жаратылыстың ғажайып туындысы, әр адам құпия сыр сандық. Оның кілтін тауып үйлестіріп  ашу қажыр қайрат, шығармашылық пен адам жанынының бағбану болу, өз уақытын аямау, басқаның уақытын аялауға тіреледі, – дейді ұлағатты ұстаз.

Жобаның жарқын кейіпкерлерінің бірі, ардагер ұстаз Бақтығұл Тасмағамбетовпен облыс орталығындағы зияткерлерді Тасқала ауданында тұратын сыныптастары онлайн-платформа арқылы байланыстырды.

Елу жыл өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған Бақтығұл Жұмажанұлы қазір ел өміріне белсене араласып жүр. Ардагер ұстаз аудан орталығында ашылған тұңғыш қазақ мектебінде, кейін үздіктер оқитын «Сәулет» мектеп-гимназиясында басшылық қызметте болды. «Сәулеттің» аты алғашқы жылдары-ақ топ жарып, озық танылды. Білім сапасымен облыс аумағында маңдайалдылардың қатарында аты аталды.⠀

– Менің еңбегімнің жемісі – елге қызмет етіп жүрген ұл-қыздар. Олардың өз ісіне адал, кәсіби білікті маман атанғаны маған мың марапаттан артық, – дейді Бақтығұл Жұмажанұлы.⠀

Жас зияткерлермен сырласқан Ким Федянин, Светлана Бисембаева, Лидия Сгибнева, Жаңабек Жақсығалиев, Гүлзихан Таскарина, Баян Қабиева, Жеміс Еркеғалиева, Агерке Байженова, Еркін Нұрымбетов, Дина Кожбаева, Алмагүл Тукенова, Саид Алиев, Роза Жұмағалиева, Жасталап Бекишев, Сапия Қарағойшиева, Айболсын Абилова, Айболат Құрымбаевтар мамандық таңдау, еңбектің қасиеті, мұғалім бейнесі, өмір белестері туралы әңгімелеп берді.

Оқушылардың «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жобасының кейіпкері Жеміс Еркеғалиева туралы дайындаған бейнефильмі: https://youtu.be/DuX3fFg0Nb0

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»