ОРАЛДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ
«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 25 қыркүйек күні Оралдағы Некрасов көшесі бойында абаттандырылған демалыс орны ашылды.

Демалыс аумағының жасанды ашық бассейні қаланың арық жүйесін Жайық өзенінің суымен қамтамасыз етеді. Бассейн арқылы су қалаішілік 5,7 шақырым болатын арық жүйесіне таратылады. Бассейн аумағына қырлытастар төселіп, пирс орнатылған. Ал кешкілік уақытта жарықшамдар жағалау аумағына айрықша сән береді. Шаһар басшысы Абат Шыныбеков бұл орынның қалалықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналарына сенім білдірді.
– Бұл су қоймасының негізгі мақсаты – Жайықтан айдалып әкелген суды қаладағы үлкен және кіші айналма арықтар жүйесіне су жіберу. Оның негізгі мақсаты биыл іс жүзінде жүзеге асырылды. Жаз бойы қаланың арықтар жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл қаладағы экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге, жасыл желекті дамытуға, ауаны ылғалдандыруға септігін тигізеді. Келесі жылы арықтар жүйесін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кеңейтуіміз керек, – деді Абат Абайұлы.
Орал шаһарының Жайық, Шаған, Деркөл – үш өзеннің ортасында орналасқанын атап өткен қала әкімі алдағы уақытта Жайықтан Шағанға дейінгі Некрасов көшесінің бойы, нақтырақ айтқанда, Некрасов саябағы, Студенттер арбаты және Құрманғазы мен Дина ескерткіші маңындағы жасыл желекті аумақ абаттандырылатынын жеткізді.
Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің мәліметінше, арықтар жүйесін қалпына келтіру және жасанды бассейн аумағын абаттандыру үшін қазынадан 51 млн. теңге бөлінген. Осылайша, он жыл жұмыс жасамаған үлкен арықтар жүйесі іске қосылды. Жөндеу-жаңғырту жұмыстарын «ЖБК Строй» ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізген.
Айта кетейік, жасанды бассейнді қыс түскенде мұз айдынына айналдыру көзделіп отыр.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz


Соңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті

Кіру
Пікір үстеу