8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қыркүйек 2020 7919 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 25 қыркүйек күні Оралдағы Некрасов көшесі бойында абаттандырылған демалыс орны ашылды.  

Демалыс аумағының жасанды ашық бассейні қаланың арық жүйесін Жайық өзенінің суымен қамтамасыз етеді.  Бассейн арқылы су қалаішілік 5,7 шақырым болатын арық жүйесіне таратылады. Бассейн аумағына қырлытастар төселіп, пирс орнатылған. Ал кешкілік уақытта жарықшамдар жағалау аумағына айрықша  сән береді. Шаһар басшысы Абат Шыныбеков бұл орынның қалалықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне  айналарына сенім білдірді.

– Бұл су қоймасының негізгі мақсаты – Жайықтан айдалып әкелген суды қаладағы үлкен және кіші айналма арықтар жүйесіне су жіберу.  Оның  негізгі мақсаты биыл іс жүзінде жүзеге асырылды. Жаз бойы қаланың арықтар жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл қаладағы экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге, жасыл желекті дамытуға, ауаны ылғалдандыруға септігін тигізеді. Келесі жылы арықтар жүйесін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кеңейтуіміз керек, – деді Абат Абайұлы.

Орал шаһарының Жайық, Шаған, Деркөл – үш өзеннің ортасында орналасқанын атап өткен қала әкімі алдағы уақытта Жайықтан Шағанға дейінгі Некрасов көшесінің бойы, нақтырақ айтқанда, Некрасов саябағы, Студенттер арбаты және Құрманғазы мен Дина ескерткіші маңындағы жасыл желекті аумақ абаттандырылатынын жеткізді.

Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің мәліметінше, арықтар жүйесін қалпына келтіру және жасанды бассейн аумағын абаттандыру үшін қазынадан 51  млн. теңге бөлінген. Осылайша, он жыл жұмыс жасамаған үлкен арықтар жүйесі іске қосылды. Жөндеу-жаңғырту жұмыстарын «ЖБК Строй» ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізген.

Айта кетейік, жасанды бассейнді қыс түскенде мұз айдынына айналдыру көзделіп отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Дені сау ұлт
COVID-19: БҚО-ДА 59 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
14 Мамыр 2021
149 0
Қалалықтар қаперіне
АЙТ НАМАЗЫ МЕШІТ АУЛАЛАРЫНДА ОҚЫЛАДЫ
12 Мамыр 2021
252 0
Қалалықтар қаперіне
БАҚЫТЖАН ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ – АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ
12 Мамыр 2021
285 0
Қоғам
АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ
11 Мамыр 2021
350 0
Қоғам
ҚҰРАН ОҚУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
11 Мамыр 2021
341 0
Қоғам
ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ ТАРАТЫЛДЫ
09 Мамыр 2021
460 0
«Жайық үні» — 30 жыл
«МЕРУЕРТ – МҰҒАЛІМ БОЛЫП ТУЫЛҒАН…»
09 Мамыр 2021
577 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»