8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қыркүйек 2020 1226 0
Қоғам

ЖҰМАЛИЕВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ БАЯУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

18 қыркүйек күні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық офисі, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Орал қаласының Жұмалиев, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында мониторинг барысында, Жұмалиев көшесінің жөндеу учаскесінде тас-құм қиыршықтас қоспасынан жасалған негізгі қабаттың қосымша қабатының тығыздалмағандығы, тротуарда электр бағанының болуы және су ағуы қамтамасыз етілмегендіктен, негізгі қабаттың ылғалдығы шамадан тыс көптігі анықталған болатын.  Кмиссиялық қарау кезінде аталған ескертулердің әлі де жойылмағандығы белгілі болды. Сонымен қатар, жол  жөндеу  жұмыстары баяу жүргізілуде.

Аймауытов көшесінде ыстық ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан асфальтбетон жабынының төменгі қабаты орнатылуда.

Дулатов көшесі бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында комиссиялық қарау кезінде тротуарды орнату кезінде бетонды негізге ернеулі тастарды (поребриктер) орнату технологиялық процесті бұза отырып жүргізілгені анықталған болатын. Қазіргі уақытта аталған ескертулер жойылған.

Сонымен қатар, Жұмабаев көшесі бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн және қоспа сынамасына іріктеу жүргізілді.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»