8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2020 2434 0
Қоғам

ЖАЗИРА – ҮЗДІК АУДАРМАШЫ

            Жақында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы тіл фестивалі аясында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекетттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, аудармашылардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін шыңдау мақсатында мекемелердегі аудармашылардың  арасында  облыстық «Үздік аудармашы» онлайн байқауын өткізді. Үш кезеңнен тұратын байқаудың барлық шарттарын мүлтіксіз орындап, тағы да Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті суырылып алға шығып, әріптесіміз Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Жазира Кенжеева  бас жүлдеге ие болды.

.  

Байқау кезеңдеріндегі берілген мәтіндерді аудару, аудара отырып, оның сапасына, көркемділігіне, мазмұндылығына мән беру – ол біздің қызметтегі ең басты критерийлердің бірі. Бұл орайда Кенжеева Жазира Сағидоллақызының мол тәжірибесінің бар екенін айта кету керек. Ішкі істер органдарының іс-қағаздарын, құжат айналымының қазақ тілінде жүргізу осындай білімді әрі білікті  мамандардың еңбегімен біртіндеп келді. Соның нәтижесінде осынша жылдар аралығында  департаменттегі өкімдік құжаттар, хаттамалар, анықтамалар, шолулар, нұсқаулар мен мемлекеттік органдар арасындағы хат алмасу екі тілде жүргізіліп бастап, қазіргі уақытта тек мемлекеттік тілде ғана дайындалатын дәрежеге жетті. Бұл дегеніміз – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіл саясатын іске асырудың арнайы бағдарламасының тиісті деңгейде, ұтымды жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.

Байқаудың келесі кезеңдері ілеспе аударма жасау, жаңа терминдерден тест орындауда қатысушылар  бір деңгейлес келгенмен де, әріптесіміз бұл жерде де білімді мыңды жығатынын тағы дәлелдеп берді. Қашықтық байқауының қорытындысы бойынша біздің әріптесіміз БҚО ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Ж. Кенжеева бас жүлде иесі атанды.

Біз осындай мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, туған тілімізді насихаттап, дамыту бойынша тәжірибе алмасуды көздеп, мемлекетттік тілді кеңінен  қолдануды қаматамасыз ету мақсатында жыл сайын ауқымды шаралар ұйымдастырып келе жатқан Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бұл игілікті ісін қолдап, алғысымызды білдіреміз. Туған тіліміздің тұғыры бекем, туы әрдайым биікте болғай!

Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, БҚО Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»